28 Наурыз, 13:24 381 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирус: елордада қосымша диагностика бөлімі ашылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусында диагностика жасайтын қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Бұл туралы Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды.

«27 наурыздан бастап Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусында диагностика жасайтын қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Ол пульмонологиялық дерті бар адамдарға арналған. Ол жерде тыныс алу жолдарында аурулары бар адамдарға қосымша диагностика жасап, коронавирус бар-жоғы және емдеу жолдары анықталады. Осы мақсатта пульмонология бөлімі 150 төсекке көбейтілді», – деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Сондай-ақ, елордада коронавирустың алдын алу үшін обсерваториялық емхана ұйымдастырылды.

«№2 қалалық емхана базасында обсервациялық емхана ұйымдастырылды. Бұл жерге бір ауысымда 150 адам қарала алады. Аталған емханада коронавируспен ауыруы мүмкін адамдарға диагоностика жасайды», – деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, барлық қалалық көпсалалы ауруханалардың акушерлік блоктарында босану орындары ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар