Ел тұрғындары банктерге берешегін қалай өтейді – министр түсіндірді

Ел тұрғындары банктерге берешегін қалай өтейді – министр түсіндірді

Ел тұрғындары банктерге берешегін қалай өтейді – министр түсіндірді
ашық дереккөзі
282
Төтенше жағдай режиміне байланысты елімізде табыс көзінен айрылған азаматтардың несие төлемдері 3 айға шегеріледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мұндай жеңілдікті кімдер пайдалана алатынын және азаматтардың банкке берешегі қалай өтелетінін түсіндірді.  Қазіргі уақытта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары халықты қолдау бойынша тиісті шараларды әзірлеп, бекітті. «Осылайша, қарыз алушылар үшін төлем мерзімі 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусымы аралығында кейінге шегеріледі. Қарыз бойынша төлемдерді кейінге шегеру мүмкіндігі осыған мұқтаж адамдарға берілмек. Мәселен, карантиннің енгізілуі себепті жұмысынан айрылғандар, ақы төленбейтін еңбек демалысына шыққандар, жалақысы қысқарғандар немесе тоқтатылғандар және т.б. Өздеріңіз түсінгендей, негіздемелердің басым көпшілігі төтенше жағдай режиміне қатысты болмақ», – деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Қосымша құжаттарсыз бұл шегеру шарасы ресми түрде тіркелген жұмыссыздарға, АӘК алушылар және халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қатысты қолданылады.

Сонымен бірге, несиелік ұйымдар аталған тұлғалардың тізімдерін кредиттік бюролардан алады. Бұл шара кәсіпкерлерге де қатысты болады.Мысалы, тауар сатылымы мен көрсетілетін қызмет көлемі азаюы себепті қаржылық жағдайы нашарлаған, тұтынушылар төлемі кешіккен және т.б. себептермен кәсіпкерлер төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін ала алады.

Серіктес жаңалықтары