Birgemiz: Қоғамдық қорға 6,5 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

Birgemiz: Қоғамдық қорға 6,5 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

Birgemiz: Қоғамдық қорға 6,5 млрд теңгеге жуық қаржы түсті
ашық дереккөзі
27 наурыз сағат 18.00-дегі есеп бойынша Birgemiz қоғамдық қорының есеп-шотына 6 383 316 300 теңге түсті. Бұл туралы қор төрағасы Руслан Сакеев мәлімдеді.  Руслан Сакеевтің айтуынша, қаржы аударушылар  «ERG», «ВМ Фарма Альянс», «СКФ Отделстрой» және т.б. компаниялар. Жеке азаматтар да бар. «Біз қаржының барлығы ерікті түрде жиналатынын айтқымыз келеді. Мемлекеттік ұйымдардан қаражат алмаймыз. Қазіргі уақытта көмек алушыларды нақтылап жатырмыз. Бұл ретте ақшаның қайда жұмсалғанын ашық жариялауға ерекше көңіл бөлінеді», – дейді Руслан Сакеев.