Бас санитар коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу туралы қаулы шығарады

Бас санитар коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу туралы қаулы шығарады

Бас санитар коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу туралы қаулы шығарады
ашық дереккөзі
233
Бас санитарлық дәрігер коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы арнайы қаулы шығарады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде хабарлады. «Коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты журналистер марқұмды қалай жерлеу керектігі туралы сұрап жатыр. Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысы шығады. Онда қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірледі», - деді министр. Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 125 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша індетке шалдыққан 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам тіркелді. 

Серіктес жаңалықтары