Атырауда коронавирус жұқтырған науқастардың қайдан келгені анықталды

Атырауда коронавирус жұқтырған науқастардың қайдан келгені анықталды

Атырауда коронавирус жұқтырған науқастардың қайдан келгені анықталды
ашық дереккөзі
228
Атырауда коронавирус жұқтырған 3 науқастың қайдан келгені белгілі болды. Науқастарға қатысты деректі Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында жариялады. Басқарма басшысының айтуынша, 3 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
"Өкінішке қарай, 27 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды. Бірінші науқас 21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келді. 26 наурызда ЖРВИ белгілері болған соң анализ алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Екінші науқас 17 наурызда Ыстамбұлдан Алматыға, сосын Алматыдан Атырауға келді. Ол Ыстамбұлдан келген елордалық тұрғынмен байланыста болғандықтан, оның анализдері алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Үшінші науқас кеше Амстердамнан келді. Ұшып келген барлық жолаушы карантинге жатқызылды. Өкінішке қарай, тест нәтижесі бойынша одан да коронавирус анықталды. Үш науқастың жағдайы қанағаттанарлық, - деді басқарма басшысы.
Науқастармен қарым-қатынаста болған барлық адам анықталып, оқшауланды. Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырған 3 науқас тіркелгенін хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары