Коронавирусты асқындыратын ауру анықталды
Коронавирусты асқындыратын ауру анықталды
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары коронавирустан болатын өлім көрсеткішін 4,5 есе арттырады. Мұндай тұжырымды қытайлық ғалымдар жасады.
Мамандардың зерттеуі JAMA Cardiology журналында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.
Ғалымдар Ухань университеті Халық ауруханасында коронавирустық инфекция жұқтырған 416 науқасты бақылаған. Олардың пайымынша, жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы мен COVID-19 пациенттерінің өлімі арасында айтарлықтай байланыс бар.
Мамандар жүрегінде ақауы бар науқастардың өлімі жүрек-қан тамыр жүйесімен ауырмайтын пациенттерге қарағанда анағұрлым көп екенін аңғарған.
"Уханьдағы COVID-19 жұқтырған көптеген пациенттерде жүрек аурулары жиі кездеседі, бұл ауруханаға жатқызу кезіндегі өлімнің жоғары деңгейін түсіндіруі мүмкін", - дейді ғалымдар.Жүрек ауруы бар адамдарда пневмонияның ауыр түрі он есе жиі дамитыны айтылған. Мамандар жүрек жұмысының бұзылу механизмі коронавирусқа шалдыққан науқастарлы емдеу кезінде әрі қарай да зерттелуі тиіс деп есептейді.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 124-ке жетті. Бұған дейін індетті Атырау облысында 3 адам жұқтырғанын хабарлағанбыз.