318
Алматыда қоқыс таситын көлікпен блокбекеттен адам өткізбек болған жүргізуші жазаланды
Алматыда қоқыс таситын көлікпен блокбекеттен адам өткізбек болған жүргізуші жазаланды
Алматыда блокпостан адам өткізбек болған қоқыс таситын көлік жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Департамент дерегіне сүйенсек, түнгі сағат екі шамасында Ақын Сара мен Ақсай көшелерінің қиылысында орналасқан №7 бақылау-өткізу пунктінде 1994 жылы туған Л.есімді азаматтың басқаруымен қоқыс таситын көлік құралы тексерілді, анықталғандай, көлікте жолаушы ретінде Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны болған.
«Жүргізуші мұны ақшалай сыйақы үшін жасады. Алайда, әрекет сәтсіз аяқталды. Олар ұсталды. Қазіргі уақытта жүргізушіге де, оның жолаушысына да қатысты ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік іс қозғалды. Азаматтарға тағы да төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтауды ескерту қажет. Бұл нормаларды елемегендерге, кем дегенде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл, ең көбі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.