277
Төтенше жағдай: Үйінде той жасаған қызылордалық қамауға алынды
Төтенше жағдай: Үйінде той жасаған қызылордалық қамауға алынды
Қызылорда қаласында коронавирустан сақтану шаралары дыбыс күшейткіш құралдары арқылы хабарланды.
Ол үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының арнайы жабдықталған автокөліктері пайдаланылды. Олар халық көп шоғырланатын орындарда санитарлық тазалық пен төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілік туралы түсіндірді, деп хабарлайды 24.kz.
Сондай-ақ волонтер жастар базарлар мен вокзалдарда тегін медициналық бетперде таратты. Бұл шаралар елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан кейбір азаматтардың жауапкершілікті сезінбеуінен қолға алынып отыр.
"Бүгін мына төтенше жағдай жарияланған күннен бастап 19 хаттама толтырылған болатын. Оның ішінде 1 тұрғын үйінде той өткізгені үшін жауапқа тартылды. Қалғаны кафе, ресторандардың жұмысын бекітілген уақыттан тыс жүргізігені жөнінде және 1 тұрғын заң талаптарына бағынбағандықтан 5 тәулікке қамалып отыр", - дейді қала әкімінің орынбасары Мира Қазыбекова.