Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарының үйден себепсіз шығуына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарының үйден себепсіз шығуына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарының үйден себепсіз шығуына шектеу қойылды
ашық дереккөзі
248

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәмелетке толмағандарға ересектерсіз жүруге тыйым салынды. 

Бүгін елімізде коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Онда жаңа шектеу шаралары енгізілді.

28 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарына азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу қойылады.

Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарды жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.).

Сонымен қатар, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға әрі кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Індет жұқтырған отандасымыздың бірі көз жұмды

Серіктес жаңалықтары