Алматы ауруханаларында 56 бала карантинде жатыр

Алматы ауруханаларында 56 бала карантинде жатыр

Алматы ауруханаларында 56 бала карантинде жатыр
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.  Оның айтуынша, жаңадан анықталған пациенттердің бірі — 25 жастағы науқас 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келген. «Ал қалған адамдар КВИ расталған адамдармен байланыста болғандар. Барлық пациенттердің жай-күйі қанағаттанарлық. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір 40 пациент бар, оның ішінде екеуі – бала. 38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жағдайы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгінде провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда», - деді Тілеухан Әбілдаев. Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирустан бір адамның көз жұмғаны хабарланды.