26 Наурыз 2020, 20:49 674 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Алматы ауруханаларында 56 бала карантинде жатыр

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. 

Оның айтуынша, жаңадан анықталған пациенттердің бірі — 25 жастағы науқас 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келген.

«Ал қалған адамдар КВИ расталған адамдармен байланыста болғандар. Барлық пациенттердің жай-күйі қанағаттанарлық. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір 40 пациент бар, оның ішінде екеуі – бала. 38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жағдайы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгінде провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирустан бір адамның көз жұмғаны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар