Қордайдағы кикілжің: Өртенген үйлер демеушілер қаражатымен жөнделеді

Қордайдағы кикілжің: Өртенген үйлер демеушілер қаражатымен жөнделеді

Қордайдағы кикілжің: Өртенген үйлер демеушілер қаражатымен жөнделеді
ашық дереккөзі
233
Алдағы күндері Қордай ауданында 7 ақпандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зақымданған үйлер мен ғимараттар қалпына келтіріле бастайды. Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Масанчи, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында барлығы 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және бес шаруашылық ғимарат өртенген. "Барлық жұмыс "Щивон" қайырымдылық қоры жинаған демеушілер қаражаты есебінен атқарылады", - деп хабарлады облыс әкімдігі. Қазір өрт кезінде үйлеріне зақым келген 39 отбасыға облыстық резервтен жалпы сомасы 20,6 миллион теңге (46,3 мың доллар) қаражат бөлді. Сондай-ақ, тұрғын жайларды қалпына келтіру үшін мемлекеттік материалдық резервтен 26 тонна арматура, 16 750 шаршы метр шатыр материалы, 400 текше метр ағаш берілді. Жеңіл-желпі зақымданған үйлер демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық қорларының шотына 22,5 миллион теңге (50,8 мың доллар) түсті. Сонымен қатар, қайтыс болған азаматтардың отбасына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленеді. Қаза болғандардың отбасылары жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден (18,4 мың доллар) астам демеушілік көмек алды.    11 ақпаннан 20 наурызға дейін зардап шеккен отбасыларға 121,6 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді, оның ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, гигиеналық және басқа да қажетті құралдар бар.  

Серіктес жаңалықтары