Жаһанды кезген жау

Әлемнің көрінбейтін жаумен соғысы үдеп барады. Жаһан­дық жаңалық­тар тас­пасында коронавирусқа қатысты көңіл құ­лазытар деректер толастар емес. Қазақ­стан­да ке­сірлі кеселді жұқтырғандар саны 88-ге жетсе, әлем бойынша індетке шал­дық­қан­дар қатары 385 мыңнан асып жы­ғылды. Жаһанды жайлаған дерт 18 мың­ға жуық адамның өмірін қиды...

Көңілге медеу боларлығы, ін­дет ошағы – Қы­тай аурудан айы­ғып келеді. Елде коронавирус жұқ­­тырғандар саны күннен-күнге азаюда. Аспан асты елінің 81 093 тұрғыны кесел жұқ­тыр­са, олар­дың 72 703-і, яғни 89,65 пайызы ауру­­­дан айыққан. Бүгін­де Қытай ауру­ха­на­ла­рын­да вирус жұқтырған 5 120 адам ем қабыл­дауда.

Covid-19 инфекциясының та­ралу эпицентрі бол­ған Ухань қаласында соңғы бірнеше тәулікте ауру жұқтырудың жаңа дерегі тір­келмеген. Қы­тайдың жетекші ви­русологтарының бірі Ли Лань­цзюань айтуынша, егер 14 күн бойы ко­ро­навирус­қа шалдығу жағ­дайлары анықталмаса, қала­дағы каран­тин тәртібін алып тас­тауға болады.

Қытайдың бірқатар қалалары бұрынғы тірші­лігіне оралып, кәсіп­орындар қайта ашыл­ды. Ел­дегі коронавирусқа шалдыққан­дар­ды емдеу үшін уақытша ашыл­ған аурухана­лар­дың барлығы дер­­лік жабылды. Бүгінде дерт оша­ғы Еуропаға ойы­сып, кесірлі ке­сел әлемнің барлық түкпіріне жет­­кен шақта мемлекеттердің бар­лығы ауруды ауыз­дықтай ал­ған Қытай тәж­і­ри­бесіне үңілетіні хақ.

Қытайдың қаруы – қатаңдық

Басынан бастайықшы. Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрі 2019 жылдың желтоқсанында пай­­да болды. Covid-19 дертіне шалдыққан ал­ғашқы науқас 11 қаңтарда көз жұмды. Ол уақытта кеселдің таралу ауқымын бол­жау мүмкін емес еді: елде коронавирус жұқ­т­ырғандар саны 50-ге жете қоймаған, ін­дет шекара асып үлгермеген. Десе де, сол сәтте аурудың зардабы жайлы ескерткен бір адам болды – қытайлық көз дәрігері Ли Вэньлян. Бұрын-соңды кездеспеген кеселді алғаш тіркеген де сол маман еді. Дәрігер өзінің ашқан жаңалығы жайлы WeChat әлеу­меттік желісінде жазған. Алайда бұл әре­кеті үшін оны полиция бөліміне ша­қырып, «қоғамдық тәртіпті бұзатын жал­ған ақпарат тараттың» деп айыптаған.

Өз болжамын дәлелдеймін деп шырыл­дап жүргенде дәрігердің өзі коронавирус жұқ­тырып, ақпан айының басында қайтыс болды. Осыдан кейін ғана Қытайдың Жоғарғы соты Вэньлянның жаңалығын жа­сырғаны үшін Уханьның полиция бас­қар­масын қатаң жазалады. Инфек­ция­ның таралуына жол бермеу мүмкіндігін жіберіп алғанын Қытай билігі ауру пайда бол­ған­нан кейін бір айдан соң мойындады. Бұл уақытта Қытайда коронавирус жұқтыр­ған­дар саны 30 мыңға жетіп қалған.

Ел билігі коронавирустың жаңа түрі­мен күреске қаңтар айының соңында бел шеше кірісті. 9 қала карантинге жабылып, кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Бұ­қаралық іс-шараларға тыйым салынды, үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдерін өткізуге де рұқсат берілмеді. Ірі халық­ара­лық шаралар да кейінге шегерілді: Нан­кинде өтуі тиіс Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты келесі жылға ауыстырылып, «Формула-1» Гран-при жарысы кейінге қал­дырылды.

Дертке шалдыққандар саны күрт кө­бейген соң Уханьда 10 күн ішінде Хо­шэнь­шань мобильді ауруханасы салынды. Гон­конг ғалымдары екі апта ішінде ко­ро­навирусты жедел анықтайтын портативті құрылғы жасап шығарды. Құрылғы 40 минут ішінде сынамаларды зерттеп, қо­ры­тындысын көрсетеді.

Қаңтардың соңында Хубэй провинция­сының билігі ем-дом шараларынан қаш­қан, медицина мамандарының жұмысына ке­дергі келтіріп, вирустың таралуына қа­сақана себепкер болғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту тетіктерін қолға алды. Індет жұқтырғандар қоғам үшін қауіп­ті болғандықтан мамандар тағайын­да­ған емдеу және шектеу шараларын орын­дамағандар қатаң жазаланды. Бұған дейін Қытай мұндай шараларды 2000 жыл­дардың басында, елде ЖИТС эпидемиясы тараған тұста қолданған.

Бұдан бөлек, коронавирусты ауыздық­тау үшін Хубэй провинциясындағы Ця­ньцзян қаласының билігі өз еркімен вирус жұқ­тыру белгілерінің пайда болғаны ту­ралы хабарлаған тұрғындарға 10 мың юа­ньнан (1,4 мың доллар) төлеуге уәде бер­ді. Шенеуніктер сөзінде тұрып, диаг­нозы расталғандарға уәде етілген соманы берді. Ал сынамасынан коронавирус анық­талмағандарға 2 мың юаньнан (285 дол­лар) берілді.

Қытай билігінің қолдауымен ел тұр­ғын­дарының індетке шалдыққандармен байланыста болған-болмағынын анық­тауға мүмкіндік беретін арнайы мобильді қосымша іске қосылды. Қосымшаны ұялы телефонға жүктегеннен кейін өзінің аты-жөні мен жеке куәлік нөмірін енгізгендер коронавирус жұқтырғандармен қандай орындарда кездесуі мүмкін екенін түсіне алады. Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті, Көлік министрлігі, және Азаматтық авиа­ция басқармасы қосымшаны жасаушыларға қажетті деректерді ұсынып отырады.

Осындай саясаттың арқасында наурыз айының басында елде вирус жұқтырудың 80 мыңнан аса дерегі анықталды. Үрей ұшы­рар статистикаға қарамастан, Қытай дерттен айыға бастады. Ақпан айында бір тәулікте мыңға тарта адам коронавирус жұқтырса, 18-21 наурыз аралығында елде ін­детке шалдығудың бірде-бір дерегі тір­келген жоқ.

picture2 v kitae nashli ef 364739 p0

Ел пандемияға дейінгі тіршілігіне оралу­ға дайындалуда. Хайнань провин­циясының билігі жұмысын жандандырған кәсіпорындарға 287 мың доллар көлемінде өтемақы төлемек. Бұл қаржы кәсіпорын­дарға карантин салдарынан келген шы­ғынды өтеуге бағытталмақ.

Есеңгіреген Еуропа ертеңіне алаң

Коронавируспен екі айдан астам күрес­кен Қытай енді ғана еңсе тік­тей бастаса, дерттің жаңа ошағына ай­нал­ған Еуропа дел-сал күйде. Әсіресе, Ита­­лия­ның жағдайы мүшкіл. Елде індетті 70 мың­ға жуық адам жұқтырып, 6 820 науқас көз жұмды. Коронавирустан көз жұмғандар саны жөнінен Италия Қытайдың алдына шық­ты. Сарапшылардың айтуынша, елдің ты­ғырыққа тірелуіне дертпен күресте бей­ғам­дық көрсетуі себеп. Індет ең әуелі та­раған Ломбардия аймағында жергілікті билік тұрғындарды медициналық тек­серіс­тен өткізуге асықпаған. Сәй­кесінше, вирус жұқтырғандар індетті таратып жүре берген. Таралу ауқымы ұлғайған соң коро­на­вируспен күресу күрделенді. Оның үсті­не, елде егде тартқан азаматтардың саны көп. Мемлекет тұрғындарының 23 пайызы – 65 жастан асқандар. Індет ең әуелі қарт­тар мен созылмалы ауруы барларға қауіп төн­діретіндіктен, мамандар Италияда өлім көр­сеткіші әлі де арта түсуі мүмкін деп болжап отыр.

Бүгінде Италияның бүкіл аумағы ка­ран­тинде. «Еуропалық Ухань» атанған мемлекетте сыртқа себепсіз шыққандар айып­пұл арқалады. Үйден шығу себебі көр­сетілген құжатсыз үйден шыққандар 200 еуро айыппұл төлейді. Өзінің және жақын­да­рының өмірі үшін алаңдаған италиялық­тар көшеге шығуға онсыз да құлықсыз. Қай­тыс болғандардың денесін толассыз та­сып жатқан жүк көліктерін терезеден күн­де көретін жергілікті тұрғындар сал­ғырттықтық зардабы ауыр болатынын енді ұққандай. Бүгінде Ломбардия аймағындағы Бергамо қаласындағы мәйітханада ине шан­шар орын жоқ. Сондықтан ко­ро­навирустан көз жұмған науқастардың де­несі кремация жасау үшін көршілес қа­ла­ларға жөнелтілуде.

755845581247245 1

Ауруханалардың жайы айтпаса да тү­сі­нікті. Науқастардың толассыз легін қа­был­дауға жергілікті емханаларда орын же­­­тіспейтіндіктен, Италия әскерінің сар­баздары уақытша әскери госпитальдар құру­ға кіріскен. Қытайдан ондаған тонна дәрі-дәрмек пен жасанды тыныс алу құрыл­ғылары жеткізілуде. Ал Ресей күні ке­ше Италияға көмек жөнелту үшін тоғыз Ил-76 ұшағын әзірлеп қойғанын хабар­ла­ды. Әуе кемесімен медициналық жаб­дық­тардан бөлек, ресейлік виру­со­логтар мен өзге де дәрігерлер жеткізілмек.

Бұдан бөлек, ресми Римнің өтініші бойын­­ша Германия италиялық науқас­тар­дың бір бөлігін қабылдауға келісті. Deutsche Welle басылымының хабарлауын­ша, 24 наурызда алғашқы 8 науқас Лейп­циг-Галле әуежайына жеткізілген. Сак­сонияның премьер-министрі Михаэль Креч­мердің айтуынша, олар Дрезден және Лейп­циг қалаларындағы ауруханаларға жат­қызылды.

Медицинасының қауқарына сеніп, өзгелерге көмек қолын созып жатқан Гер­манияның өзінде де коронавирустың та­ралу қарқыны артып барады. Елде індет жұқ­тырғандар саны 30 мыңға жуықтаса, кесел құрбандарының саны 123-ке жетті. Мемлекет билігі әлеуметтік байланыстарды шек­тейтін қатаң шаралар енгізді: Гер­ма­ния­да жұмыс орындарынан және тұрғын үйлерден тыс аумақта екі адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Елде кафелер мен мейрамханалар жабық. Тамақты үйге тапсырыспен алдыруға ғана рұқсат. Сән салондарының жұмысы да тоқтатылды.

Карантиннің ермек еместігін, кеселдің шын мәнінде қауіпті екенін көрсету үшін Германия канцлері Ангела Меркельдің өзі де үй карантинінде жатыр. Өткен жұмада канцлерге екпе салған дәрігерден корона­вирус анықталды.

Немістердің басым көпшілігі елдегі ко­ронавирустың таралуын тоқтатуға ба­ғыт­талған шектеу шараларына қолдау біл­діруде. Жергілікті ARD қоғамдық телеар­насы жүргізген сауалнамада Германия тұр­ғын­дарының 95 пайызы екі адамнан артық кездесуге тыйым салынуын құпта­ған. Сауалнамаға қатысқандардың 3 пайы­зы ғана бұл тәртіпке қарсылық білдіріпті. Жалпы, Германия үкіметінің дағдарысқа қар­сы саясатын ел азаматтарының 75 пайы­зы қолдаған.

Лукашенко карантинге қарсы

Әлемдік тәжірибе коронавирус пан­демиясымен күресудің ең тиімді жолы – карантиндік шаралар екенін көрсетіп отыр. Жаһанды жайлаған дертті тезірек жеңу үшін дүниежүзіндегі сан миллиондаған халық қалыпты тіршілігінен бас тартып, оқшау өмір сүруге мәжбүр. Алай­да қауіпті індеттің таралуы Беларусь тұр­ғындарының тыныс-тіршілігін өзгерте қой­ған жоқ. Ел президенті Александр Лу­кашенконы дерттің өзі емес, оның ай­наласындағы дүрбелең көбірек алаң­дататын секілді. Беларусь көшбасшысы мем­лекет тұрғындарын бос үрейге беріл­меуге шақырды. Оның айтуынша, коро­на­ви­рустан қорғану үшін арақ ішіп тұру, мон­шаға жиі түсу және дұрыс тамақтану жет­кілікті.

Александр Лукашенко Беларусь елімен ара­дағы шекарасын жауып тастаған Ре­сей­дің карантиндік шараларын сынға алды. «Беларусьтегі жағдай мұндай «аждаһа­лық» амалдарға көшетіндей соншалық күрделі емес» деп мәлімдеді ол 20 наурызда.

«Адамдарға өзі және жақындары үшін жауапкершілік алуды міндеттеу керек. Егер жөтеліп, түшкіріп тұрсаң, сыртқа шықпа, өзгелерге кесел таратпа. Міне, шектеулердің мәні осы ғана. Осы тұрғыдан алғанда көп ел тым қатаң шараларға барып жатыр», – де­ді Лукашенко.

Беларусь президенті өз еліндегі ме­ди­цинаның дамуын жоғары бағалады. «Біздің мамандардың біліктілігіне қуандым. Бұл ауруды қалай емдеу керегін білмесе де, қол­дарында оған қарсы екпе болмаса да, бір­де-бір науқастың көз жұмуына жол бермеді», – деп мақтанды ол.

Бүгінде елде коронавирус жұқтырған 70-тен астам науқас тіркелген. Алайда Алек­сандр Лукашенко көршілерінен үлгі алып, карантиндік шаралар енгізуге асығар емес. Беларусьте балабақшалар мен мектептердің жұмысы тоқтатылған жоқ. Қызметкерлер жұмыстарын қалыпты режимде жалғастыруда. Барлық қоғамдық орындар ашық, оларға кіру-шығу шек­тел­меген. Мемлекет шекаралары да жабыл­ма­ған, тек өзге мемлекеттен келген азамат­тарды бақылау күшейтілген. Дерт белгілері бар азаматтардан сынама алынып, тек­се­ріледі. Өзгелер ел аумағына емін-еркін кіріп-шыға алады. Беларусь президентінің пікірінше, кеселмен күресте елде қолға алын­ған шаралар жеткілікті. Қатаң шек­теулер енгізілер болса, мемлекет тұр­ғын­дары үрейге беріліп, дүрлігуі мүмкін. Лукашенконың айтуынша, дүрбелеңнің зардабы кеселдің зардабынан айтарлықтай ауыр болуы мүмкін.

«Коронавирус әлемді ақылынан адас­тырды» деп мәлімдеген Белоруссия бас­шы­сы карантиндік шаралар ел экономикасын тығырыққа тірейтінін алға тартты. Әлем­дегі жайсыз экономикалық ахуал және Ре­сеймен мұнай тасымалы жөніндегі келіс­сөздердің ұзаққа созылуы онсыз да Бела­русьтің қаржылық жағдайын тұрақ­сыз­дандырды дейді Александр Лукашенко.

Украина дәрігерлері дәрменсіз

Беларусьтің оңтүстіктегі көршісі Украинаның да экономикалық жағ­дайы қазір мәз емес. Десе де, ел билігі ко­ро­навируспен күрестің қатаң шараларын енгізді. 18 наурыздан бастап Украина бар­­­­лық шекараларын жапты. Мемлекетте метро, театрлар, ірі сауда орталықтары, қо­ғамдық тамақтану орындары және фит­нес-орталықтардың жұмысы тоқтатылды. Киевте және елдің індет тіркелген екі об­лы­сында төтенше жағдай режимі енгізілді. Карантин тәртібін бұзғандарға жаза бел­гіленді.

Бұл шектеулер елдегі қызметтер на­рығы мен сауда-саттыққа кері әсерін ти­гізуде. Өткен жылдың қорытындысы бойын­ша Украинадағы ІЖӨ-нің 3,5 пайыз­ға өсуі дәл осы салалардағы алға жылжудың ар­қасы еді. Әлемдік экономикалық дағ­­да­рыс жағдайында елдің сыртқы нарықтан қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндігі жоқ. Алдағы екі айда Киев 5,5 млрд доллар кө­лемінде сыртқы қарыздарын қайтаруы тиіс. Халықаралық валюта қорының транш алу жайы белгісіз, ал Украина Ұлт­тық банкінің резервтері сарқылуға жақын. Өйткені құнсызданып бара жатқан грив­наны қолдау шараларына қыруар қаржы жұм­салуда. Бүгінгі таңда Киев Халықаралық валюта қорымен коронавирусқа байла­нысты жедел қаржылық көмек алу жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Өткен аптаның соңында Украинаның пре­мьер-министрі Денис Шмыгаль ел тұр­ғындарын қаржылық дағдарысқа дайын­далу қажеттігін ескертті. «Әлемдік дағда­рыс­тың салдарынан Украина да дағда­рыс­пен бетпе-бет келуі мүмкін. Бұл экономика ми­нистрлігі үшін ғана емес, тұтас ел үкі­меті үшін, сондай-ақ, бизнес үшін де сынақ кезеңі болмақ», – деді Украина үкіметінің басшысы.

Мемлекетте қызметтер нарығы ғана емес, медицина саласы да тығырыққа ті­релуде. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, карантин енгізілуіне байланысты көлік қатынасының тоқтауы салдарынан қала сыр­тынан қатынайтын ақ халаттылар жұ­мыс орындарына жете алмай жатыр. Меди­цина мамандары қажетті қорғаныс құрал­дарымен қамтамасыз етілмеген, ал кейбір емханалар коронавирустан басқа ауру түр­лері бойынша науқастарды қабылдай ал­май отыр. Соңғы дерек бойынша Ук­раи­нада COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 41 дерегі тіркелген.

Елді тығырыққа тірегелі тұрған тағы бір мәселе, украиндықтардың басым бөлігі Еуроодақ елдеріне жұмыс іздеп кеткен. Олар­дың көпшілігі шетелде қызмет көр­сету саласында еңбектенген. Жұмысынан айырылғандар жаппай Украинаға ағылар болса, елдегі эпидемиологиялық ахуал да, экономикалық жағдай да қиындай түсуі мүмкін.

 

Редакция таңдауы

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...

«Аңсаған сәби»: квотаны неге мамандар емес, тендерлік комиссия бөледі?

Осыдан 43 жыл бұрын 1978 жылғы 25 шілдеде Ұлыбританияда ең алғашқы «құтыдағы» эко-бала Луиза Браун дүниеге келді. Бұл ғылыми жаңалық сәби сүюді аңсаған миллиондаған...
photo 361367

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн...
heat wave

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет"...
құжат жеткізу

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске...

Жаңалықтар

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2549 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 452, Алматы қаласы - 557, Шымкент қаласы - 125, Ақмола облысы -...

14 мамыр: маңызды оқиғалар күнтізбесі

1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақтөбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі...

Анасымен ұрсысып қалған: Таразда мектеп оқушысы үйінен қашып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. «Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл...

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады. 2021 жылдың...

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102»...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің...

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің...

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Биыл Қазақстанда авиация саласының шығыны 47,7 млрд долларға жетуі мүмкін. Еліміздегі әуе компаниялардың қаржылық көрсеткіштері осындай болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы басталған пандемиядан...

Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және… кешірім сұрады!

Кейінгі кезде өзге ұлт өкілдерінің арасында қазаққа, Қазақстанға тіл тигізген бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратып, кейін өкінетінін айтып кешіріп сұрап -  қайта бейнеүндеу жасай салуы...

Елбасы Түркістан туралы: Біз тіпті армандамаған ауқымды істі жүзеге асырдық!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Түркістан қаласын өркендетудегі Елбасының еңбегі туралы жазды. Елбасының Түркістанға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Үш жарым...

Қазақстандықтардың банктерден алған кредиттері тағы кешіріле ме?

Бұрын мемлекет бір реттік акция жүргізіп, әрбір қарыз алушының 300 мың теңге мөлшеріндегі борышын өтеуге қаржы бөлген-ді. «Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» демекші, содан...

Телеграм мессенджерінің иесі Қазанда болған қайғылы оқиға жайында ойын айтты

Осы аптада Қазан қаласы Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда қарумен келген 19 жастағы жігіт 8 сынып оқушыларына оқ жаудырып, соның салдарынан сегіз оқушы мен...

Депутат: Ұлттық Қордан қаражат алу – болашақ ұрпақтың несібесін жеумен тең

Депутат Азат Сембинов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдап, Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz. Депутаттың айтуынша,...

Риддердегі өртті сөндірген құтқарушы: Киіміміз өртеніп, каскамыз балқыса да, тоқтамадық

Риддердегі алапат өртті ауыздықтағандардың бірі – №14 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Ұлан Нұрмұхамбет. Азаматтық қорғаныс аға лейтенантымен ҚазАқпарат тілшісі сұхбаттасып, тілсіз жаумен қалай...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен...

Қызғалдақ жұлған Шымкент тұрғынының айыппұлы азайтылды

Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қызғалдақты жұлған шымкент тұрғынына 9 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Tengrinews.kz тілшісі іс немен аяқталғанын...

СҚО-да ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберген

СҚО-да мас ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды dknews.kz. 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданында өрт шығып, Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірі жанып...

Қазанда атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевтің денсаулығында кінәрат болған

Қазан мектептерінің бірінде атыс ұйымдастырған студентке өткен жылы мидың атрофиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт дауасыз саналады, уақыт өте келе мидың жасушалары өліп, нейрондардың байланысы бұзылады. Медицина...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Ashyq: Шетелден кімдер ПТР-тестсіз келе алады?

Ashyq қосымшасы бойынша жасыл түс статусы бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі...

Әуеде екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-та екі шағын ұшақ қонар алдында соқтығысқан. Бірақ, екі әуе кемесі де сәтті қонып, қайғылы оқиға болған жоқ, - деп хабарлайды newdaynews.ru. АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі...

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады

1 ағаш 1 жылда ауаны 27 кг ластанудан тазарта алады. «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып,...

Жылдың ең табысты спортшысы анықталды

Forbes журналы жылдың ең табысты спортшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлады 24.kz  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Тізімде UFC файтері Конор Макгрегор көш бастап тұр. Ирландиялық...

Жүкті әйелдер жәрдемақыны үйден шықпай рәсімдей алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталында жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік...

Оралда шашын боятуға барған әйел жансақтау бөліміне түсті

Орал қаласының тұрғыны салонда шашын боятамын деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Әйелдің айтуынша, салон қызметкерлері алдын ала тексеріс жасамай, шашын бояған. «Уральская неделя» басылымының жазуынша, Зульфия...

Денесін күйік шалып, көз жұмды: әкесі 3 жасар қызын қайнаған суда отыруға мәжбүрлеген

Ливияның Адждабия қаласында үш жасар қызды әкесі бір сағаттан астам уақыт қайнаған суға отыруға мәжбүрлеген. Oл осылайша баланың диареясын емдегісі келіпті. Kznews.kz сайтының жазуынша, алдымен әкесі...

Орталық Азия елдері су жинау лимитін бекітті

Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін және Нарын-Сырдария су қоймаларының вегетациялық кезеңге арналған жұмыс режимін бекітті. Мемлекет аралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-отырысы бейнеконференция форматында...

Қуатты қаламгер

«Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, бүкіл өмірі үлгі бол­ған жақсының жақсы ісін айту, оны өмірге өнеге...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

13 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...

«Аңсаған сәби»: квотаны неге мамандар емес, тендерлік комиссия бөледі?

Осыдан 43 жыл бұрын 1978 жылғы 25 шілдеде Ұлыбританияда ең алғашқы «құтыдағы» эко-бала Луиза Браун дүниеге келді. Бұл ғылыми жаңалық сәби сүюді аңсаған миллиондаған...

Тұғыры берік Түркістан идеясы

Түркістан деген бір сөздің бойында мыңдаған жыл мен миллиондаған халықтың тарихы тұр. Ол − бір кезде тұтас Еуразия құрлығына әмірін жүргізген империялар мен бүгінгі...

Фракция – партияның сенімді тірегі

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы­нан соң жоғары заң шығарушы және жергілікті уәкілетті органдарда «Nur Otan» партиясының жаңа депутаттық фрак­циясы қалыптасты. Бас партияның...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 13 мамырда Қазақстан мен Финлян­дия Республикасы арасын­дағы дип­ло­матиялық қарым-қаты­настарды бекіту туралы келісім жасалды. 1992 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық...

Білімнің бәсі биік болмаса…

Отыз жыл ішінде еліміздегі орта білім беру жүйесінде біраз реформа болды. Әсіресе соңғы 5 жылда білім саласына айтарлықтай көп өзгеріс енді. Атқарылған жұ­мыстар еленіп...

Бүгін Түркіменстаннан қандастардың екінші керуені көшіп келеді

2021 жылғы 13 мамырда Түркіменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді. Бұл Түркіменстан жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің...

Сұрапыл кезеңде шыныққан әдебиет

Кеңестік кезеңде өзге гуманитарлық салалар сияқты көркем әдебиет те қатты саясиланған еді. Яғни, Кеңес үкіметінің саяси шешімдерінің бәрі әде­биетте көрініс тауып қана қоймай, насихатталып...

Ізгілікке үндейтін мейрам

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам. Айт сөзі – мерекелеу, хал сұрасу,...

Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5-6 жасар екі бала суға батып кетті

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түсті. Хабар берген адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе...

Талайғы Түркістан. Елбасы көне шаһардағы жаңа нысандармен танысты

Түркістан – қашан да күллі түркі жұр­­тының алтын бесігі. Көне шаһар облыс орталығын ай­нал­ғалы көп өзгерді. Тарихи қаланы көр­мек­ке жан-жақтан ағылған­дар­дың қара­сы қалың. Елбасы Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы жер қатынастарына қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлады...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың қалған аймақтары...

13 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1930 жылы 13 мамырда СССР ХКК қаулысымен ҚарЛаг құрылды. Ол үшін Қарқаралы округінің аумағында 110 мың гектар жер берілді. Қарағанды лагері басқармасы Қарағандыдан 47...

Президент халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Ардақты ағайын! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен...

Нұрсұлтан Назарбаев: Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады elbasy.kz. «Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мереке...

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорда. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты жаңа ережелер

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу үшін берген несие ақшасын жұмыс берушіге қайтару үшін зейнетақы төлемдерін пайдалана алады деп хабарлайды stan.kz сайты. Сатып алынған мүлік несие...

Қазақстан коронавируспен күреске 71 млрд теңге жұмсады

Қазақстан биыл коронавируспен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның көбі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмау шараларына жұмсалған...

Сұйытылған мұнай газы электронды сауда арқылы сатылады

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газы электронды сауда алаңдары арқылы сатылады. ҚР Энергетика министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме...

Қытайдың халық саны 1,41 млрд болды

ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасы бүгін Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. «Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020...

Марат Сұлтанғазиев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы...

Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қанат Баеділов 1967...

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Әли Алтынбаев 1979 жылы...

Қарағандыда терезеден құлап кеткен мем.қызметкердің өлім себебі анықталды

Қарағандыда қалалық әкімдік ғимаратының терезесінен құлап кеткен 37 жастағы қызметкердің өлім себебі анықталды. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексерумен Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы құрған арнайы комиссия...

Түркістан депутаттары 300-ден астам отбасыға азық-түлік үлестірді

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданында игі іс атқарылды.  «30 ізгі іс» акциясы аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Жомарт...

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен мұғалім іздестірілуде

Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың хабарсыз кеткеннін айтқан. Өтініш иесінің...

Bek Air ұшағының апаты: Жерді заңсыз сатқандар сотталды

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім...

2026 жылдан бастап Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышы ұшырылмайды

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты. Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр. «Жалпы,...

Түркістан облысында 5,5 мың бүлдіршін балабақша кезегін күтуде

Мәжіліс депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен кездесуде білім беру саласындағы кәсіпкерлер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында нормативке сай төлем жүргізуге қаржы жетпейтінін айтып, мәселесін...

Бүгін – Халықаралық медбикелер күні

Медициналық мекемелердегі жұмыстың 80 пайыздан астамы медбикелердің мойнында. «Олар 24 сағат бойы пациенттерге қамқорлық жасайды – инфузия қояды, таңғышты ауыстырады, қысымды өлшейді, температурасы мен...

Депутат еңбек құқығы жөніндегі институт құруды ұсынды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайлов жаңа саяси институт – еңбек құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды ұсынды. «Жалдамалы жұмысшылар, еңбек адамдары – халықтың ең көп...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның денесі елге жеткізілді

Грузияда қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі бүгін Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz. Марқұмды туыстары елорда маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек. Жас қыздың денесін...

Шымкентте қой бағып жүрген шопан граната тауып алды

Шымкент қаласында табылған гранатаға ұқсас жарылғышты полиция қызметкерлері залалсыздандырды, – деп хабарлады Polisia.kz. 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген...

Екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісі басталды

Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәбидің өлімі тіркелді. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 мамыр күні болған. Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы...

Биыл ел бойынша 9 822 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, деп хабарлайды БҒМ...

Енді күнбағыс майы мен жұмыртқаның бағасы белгіленген шекті бағадан аспайды

Ішкі нарықта әлемдік баға өсімінің әсерін азайту мақсатында ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция...

«Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!». Әнші Қарақат Әбілдина үндеу жасады

Әнші Қарақат Әбілдина бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановты жақтап, Instagram-дағы парақшасына көлемді жазба қалдырды, деп жазады Paryz.kz. Әнші Біртановқа жала жабылып отырғанына сенімді. "Жау алыстан келмейді" деген сөз...

1919 жылы Америкада хит болған: АҚШ мұрағатынан «Turkestan» атты ән табылды

1919 жылдары Америкада хит болған Turkestan әнінің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram парақшасында...

ҚМДБ Айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады. Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (Жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен...

Өткен тәулікте 1 811 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 1 811 адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 310, Алматы қаласы - 391, Шымкент қаласы - 69, Ақмола облысы - 92,...

Қазандағы атыс: Жантүршігерлік дерек жарияланды

РЕН ТВ телеарнасы 19 жасар Ильназ Галявиев қазандағы мектепке шабуыл жасаған кезде жазылған аудиожазбаны жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аудиожазбаны кабинеттердің бірінде тығылып отырған оқушы жазған. "Біз...

Әрқайсы 40 млн теңге: Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды

Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды. Отандық зауытта құрастырылған 18 автобус лизингтік бағдарлама арқылы қараша айында сатып алынған. Әрқайсы 40 млн теңге тұрады, -...

12 мамыр: Айтулы оқиғалар тізбегі

1995 жылы Ақтөбе қаласындағы көшеге ақын Сағи Жиенбаев есімі берілді. Ол 1955 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. Ақын қаламынан көптеген өлеңдер...

Павлодардағы колонияда көз жұмған педофил танымал блогер болып шықты

8 мамырда Павлодардағы түзеу мекемесінің тұтқындары арасында жанжал шығып, жазасын өтеушілердің бірі көз жұмған болатын. Қаза тапқан айыпталушы екібастұздық блогер болып шықты, деп хабарлайды...

«Біріккен ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және университеттің 25 жылдығына орай «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты халықаралық бейне материалдар байқауын өткізді....

Белгісіз біреулер Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын қиратып кеткен

Абайтану саласының негізін қалаған ғалымдардың бірі, жазушы Мұхтар Әуезовтің ізбасары, Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын белгісіз біреулер талқандап...

Жетінші қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды

Бүгін Мәскеудің солтүстік-шығыс ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде терезе алдында ойнап отырған екі жасар бала жетінші қабаттан құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлайды Vesti.ru...

Риддердегі өрт толығымен ауыздықталды

11 мамырда сағат 18:20-да Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы орман өрті толық ауыздықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД-ға сілтеме жасап. Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Риддерде ауқымды өрт...

Елордадағы мектептердің бірінен 175 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтандағы жеке меншік мектептен 175 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Эвакуацияға жарылғыш зат туралы хабарлама себеп...

Қытайдағы қандасымыз Еркеш Құрманбекқызының «Арғымақ асуы» романы талқыланды (видео)

Бейжіңде Қытай жазушылар одағының ұйымдастыруымен қазақ жазушысы Еркеш Құрманбекқызының «Арғымақ асуы» атты романын талқылауға арналған конференция өтті, деп хабарлайды қытайлық kazakcnr.com сайты.  Конференцияға Қытай жазушылар...