Білім және ғылым министрі ата-аналарға хат жазды

Сондай-ақ!

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Баласын әжетханаға тастап кеткен әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

Бүгін, 27 қарашада осыдан бірнеше күн бұрын босанып, жаңа туған сәбиін пакетке орап, әжетханаға тастап кеткен 19 жасар колледж студенті ауруханадан шығарылды. Сәби суықта...

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің ата-аналарға жазған хаты жария болды.

ҚазАқпараттың мәліметінше, министр хатында: «Құрметті ата-аналар! Балаларымыздың көктемгі каникулы 16 наурызда басталды. Қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі үйде және балаларға 21 күнге созылатын демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесе алады. Менің ұлым – төртінші сынып оқушысы. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Мысалы, оқу жылы басталғалы «Робинзон Крузо», «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары», «Менің атым Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы кітаптарын бірге оқып шықтық. Сүйікті кітабымыз – «Капитан Гранттың балалары». Сондай-ақ ежелгі грек және мысыр мифтері мен аңыздарын қызыға оқып шықтық. Ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады», – делінген.

Министр бала кезінде ғылыми фантастика жанрында жазылған туындыларды ұнатқанын, Айзек Азимов, Рэй Брэдбери, ағайынды Стругацкийлер, Клиффорд Саймак және Роберт Хайнлайнның еңбектері қиялын оятқанын атап өтеді.

«Осы авторлардың туындыларын оқып, күні бойы хикаялардың мазмұнын ойлап жүруші едім. Осылайша, есейе келе, ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығым артты. Сондықтан, балаларды осы жанрға баулу өте маңызды деп ойлаймын. Бала күнде оқыған сүйікті туындыларыңызды балаларыңызға ұсынып көріңіздер. Ең бастысы, бала үйде кітапты неғұрлым көп оқитын болса, мектеп бағдарламасын соғұрлым жеңіл меңгеретінін ұмытпаңыздар», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр өз хатында кітап оқудан бөлек, отбасымен танымдық видеолар қарауға болатынын айтады.

«Мысалы, видеосабақтарды, тренингтер мен ғылыми тәжірибелерді, TED-конференцияларын және басқаларды біздің министрліктің сайтынан білім беру ресурстарының тізімін таба аласыздар. Айтпақшы, қазіргі кезеңде білім беруге бағытталған сайттарды пайдалану барысында трафик есептелмейді, яғни тегін болады. Ол үшін біз интернет провайдерлерімен келісім орнаттық. Бұл қосымша білім беру орталықтары, курстар мен секциялар жұмысын тоқтатқан кезеңде өте ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік, болашақта пайдасы тиетіні де сөзсіз», – деді ол.

Білім министрі ата-аналардың басым бөлігі каникул аяқталған соң оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын уайымдап жүргенін білетінін атап өтеді.

«Қазіргі уақытта оқуды қашықтан жүргізуге көмектесетін ақпараттық жүйелерді дайындап, тестілеудеміз. Кейбір сабақтарды телеарналар арқылы өткізуге болады. Бұл формат біздің оқушылар мен ұстаздар үшін үйреншікті емес, сондықтан педагогтердің жұмысына түсіністікпен және құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Олар оқушыларын сағынды және мектепке келер сәтін асыға күтуде. Бұл – министрдің емес, жағдайға байланысты балаларымызда кенеттен пайда болған бос уақытты тиімді өткізуді және осы кезең бізді балаларымызбен жақындастыра түсуді қалайтын әкенің ұсыныстары ғана. Балапандарымыздың бақытты болуы біз бен Сізге тікелей байланысты. Өзіңіз бен жақындарыңыз аман болғай!», – деді Асхат Аймағамбетов.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...