Жаңалықтар

Әскерге шақыру уақытша тоқтатылады – министр

«Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2019 жылдың көктемінде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылатынын айтты.

«Қорғаныс министрлігінің жаңалығын ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сол сияқты әскерге шақыру да уақытша тоқтатылады», – деді Дәурен Абаев.

Back to top button