Нұр-сұлтанға келген мыңнан астам адам тексеріліп жатыр

Нұр-сұлтанға келген мыңнан астам адам тексеріліп жатыр

Нұр-сұлтанға келген мыңнан астам адам тексеріліп жатыр
ашық дереккөзі
Кеше, 23 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына 13 рейс келіп қонды. Бұл – Дубай, Токио, Минск, Мәскеу (Внуково), Мәскеу (Домодедово), Лондон, Стамбұл, Франкфурт, Екатеринбург, Прага және Абу-Даби бағытынан келген ұшақтар. Барлық жолаушы оқшауланып, коронавирустық инфекцияның бар-жоғы тексеруінен өткен. – Тоғыз рейс бойынша 788 зертханалық зерттеу жүргізілді, ешбірінен коронавирус жұқпасы анықталмады. Олар ауруханадан шығарылды, әрі қарай 14 күн үй карантинінде отыруы тиіс. Ал қалған үш рейс әлі тексерілуде, – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.