277
Air Astana шетелдегі 37,5 мыңнан астам қазақстандықты елге жеткізді
Air Astana шетелдегі 37,5 мыңнан астам қазақстандықты елге жеткізді
Коронавирустың салдарынан бірқатар елдерге кіру/шығу ережелерінің шектелуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы биылғы жылдың 1 наурызынан 23 наурызына дейін 37, 5 мыңнан астам қазақстандықты шетелден қайтарды.
Наурыз айының соңына қарай шығарылған Қазақстан азаматтарының жалпы саны 40 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.
Air Astana қазақстандықтарды отанына қайтару үшін барын салуда.
22 наурыздан 14 сәуірге дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантинге және елдегі төтенше жағдайға байланысты рейстердің 95 пайызы тоқтатылды (2863 орнына 140 рейс орындалады), және 22 наурыздан бастап барлық ішкі рейстер тоқтатылды, 29 наурызда халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады.
Халықаралық рейстердің өзекті кестесі airastana.com сайтында жарияланған.
22 наурыздан 14 сәуірге дейін әрекет ететін төтенше жағдай кезінде әуе компаниясы ішкі транзиттік жолаушыларды түпкілікті нүктесіне дейін жеткізе алмайды.