Коронавирус Ақтөбеге жетті

Коронавирус Ақтөбеге жетті

Коронавирус Ақтөбеге жетті
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 58-ге жетті. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналында хабарланды.  Комитеттің 2020 жылғы сағат 20-30-дағы жағдай бойынша таратқан мәліметтеріне сүйенсек, коронавирус жұқтырған азамат Ақтөбе облысының тұрғыны. Осылайша, елімізде вирус жұқтырғандар саны 58 болды. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда - 23, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелген.