215
Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды
Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды
Халықаралық хоккей федерациясы Швейцарияда өтуі қажет болған әлем чемпионаты коронавирус ахуалына байланысты өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Хоккей әлемі үшін қатаң шешімді қабылдауға мәжбүрміз. Коронавирус жаһан проблемасына айналды. Халықаралық хоккей федерациясы коронавирусқа қарсы соғысты қолдау үшін қолынан келгенін аянып қалмауы қажет. Біз әзірге спортты кейінге шегеріп, мемлекеттерді қолдауымыз керек, - делінген федерация мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты Цюрих және Лозанна қалаларында мамыр айында өтуі қажет болған. Бұған қоса Халықаралық хоккей федерациясы әлемдік доданы кейінге шегермейтінін мәлімдеген.