Президент Шұғыл әрекет ету орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.

«Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады», – деп жазды президент.

Сондай-ақ, ол Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі халыққа шынайы ақпарат беруде екенін де атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет басшысы коронавирус індетін таралмауы үшін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантин режимінің маңызына да тоқталды.

Back to top button