25 Ақпан, 10:56 279 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

«Jas Otan» төрағасы Шымкент жастарымен кездесті

Елнұр Бейсенбаев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала жастарымен, жергілікті орган басшылығымен, оқу орындарының ректорларымен кездесіп, студенттер тұратын жатақханаларды аралады.

Сапардың бірінші күні, 23 ақпанда Елнұр Бейсенбаев «Айна» базарында болып, «Kenes ortalygy» жұмысымен танысты. Жұмысшылармен, тұрғындармен тілдесу барысында мемлекеттің,  «Nur Otan» партиясының, «Jas Otan» ЖҚ жүзеге асыратын бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жастардың жұмыс жағдайларымен танысып, көңіл-күйін білді, жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясаты туралы пікірлерін тыңдады.

23 ақпанда «Jas Otan» ЖҚ көшбасшысы Шымкенттік жасотандықтармен, жастар ұйымының көшбасшыларымен бейресми кездесу өткізді.

Елнұр Бейсенбаев: "Белсенділермен әртүрлі тақырыптарға әңгімелестім, соның ішінде жастар қанатының жұмысы мен еріктілердің бір жылдық жоспары талқыланды. Қатысушы жастар «Jas Otan» ЖҚ бағдарламалық құжаттарында міндетті түрде ескерілетін, мардымды пікірлермен, жақсы ұсыныстар енгізді".

24 ақпан күні Елнұр Бейсенбаев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректорымен кездесті. Кездесу барысында «Jas Otan» ЖҚ көшбасшысы университет ректорына қабылдау үшін алғыс білдіріп,  университет қабырғасындағы «Jas Otan» ЖҚ филиал жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Бейсенбаев Елнұр университеттің студенттер жатақханасын аралады.

Сондай-ақ, Бейсенбаев Елнұр қалалық мәслихаттың жас депутаттарымен, жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесуі жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі бұған дейін Павлодар, Атырау облыстарына, Нұр-Сұлтан қаласына барып, аталған өңірлерде жастарымен кездесіп, жатақаханаларына мониториг жүргізді.

 

Соңғы жаңалықтар