24 Ақпан, 17:55 2211 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус тағы 3 мемлекетке тарады

Коронавирус тараған елдер қатары тағы 3 мемлекетпен толықты. Кувейтте 3 адам, Бахрейнде 1 адам және Ауғанстанда 1 адам қауіпті кеселді жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.  

Кувейт және Бахрейнде вирус жұқтырғандар таяуда Ираннан келген. Соңғы дерек бойынша Иранда COVID-19 вирусы 43 адамға жұққан.

Ал Кувейтте үш адам вирус жұқтырған.

Ауғанстанның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде үш адам вирус жұқтырды деп тексерілген. Алайда тексеріс нәтижесі біреуінде ғана вирус барын көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда жаңа коронавирустан қаза тапқандар саны 7 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз. Елде дерттің таралуына байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды.  Бұл 2009 жылы H1N1шошқа тұмауы таралған уақыттан бергі алғашқы қауіп жағдайы. «Қызыл» деңгей  билік өкілдеріне мектептерді уақытша жабуға, Оңтүстік Кореядан шығатын және келетін рейстердің санын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар