24 Қаңтар, 20:04 516 0 Өнер Анар ЛЕПЕСОВА

Қоянбаевтың фильмі прокаттағы табысы жөнінен ел "чемпионы" атанды

Белгілі актер, продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски в Корее" атты туындысы прокаттағы табысы жөнінен рекорд орнатып, Қазақстан кино тарихындағы ең табысты фильм атанды. Бұл жаңалықты продюсер өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

Қоянбаевтың комедиясы бұған дейін үздіктер тізімінде бірінші болып тұрған "Мстители" фильмін басып озды.

"ShowNewsKZ" сайтының хабарлауынша, 23 қаңтар күнгі мәліметтерге сай киноның кассалық жиыны 1 миллиард 40 миллион теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар