24 Қаңтар, 11:54 787 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Таразда мектеп дәретханасында оқушыны зорлаған педофилге үкім шықты

Бүгін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Тараздағы мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған ер адамға үкім оқылды, деп хабарлайды Nur.kz. 

Бұл жантүршіктірерлік оқиға өткен жылдың қараша айында белгілі болған. жетінші сынып оқушысы сырттағы дәретханаға бару үшін сабақтан сұранған.

Осы сәтте оған ер адам тиіскен. Оны білім мекемесінің барлық бейнебақылау камералары түсіріп алған. Күдікті жедел қолға түсті. Ол өңірдің 38 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққан. Бүгін айыпталушы сот алдында жауап берді.

Сот ер адамды кәмелет жасына толмаған қызға зорлық көргені үшін айыпты деп танып, оған 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Сондай-ақ қылмыскерге химиялық кастрация жасалады.

Одан бөлек, жәбірленуше тарапқа 5 млн теңге сомасында моральдық өтемақы төленеді.

Еске сала кетсек, өткен жылы қарашаның басында 12 жастағы оқушы Тараздағы мектепте сабақ кезінде зорланды. 

Соңғы жаңалықтар