Индонезиялық фермер ерекше тәжірибе жасаймын деп желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

/
Индонезиялық фермер ерекше тәжірибе жасаймын деп желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Tengrinews.kz

Индонезиядағы фермердің қатысуымен түсірілген ерекше видео әлеуметтік желілерде кең таралып, қызу талқылана бастады. Бейнеде алып жүк тасымалдайтын дрон ер адамды әуеге көтеріп, егістік алқабынан автотұраққа дейін жеткізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, тәжірибе Шығыс Ява провинциясының Джомбанг округінде өткен. Дрон фермерді шамамен 1,5 шақырым қашықтыққа тасымалдаған.

Видеоны PT Bina Tani Makmur ауыл шаруашылығы компаниясының директоры жариялаған. Бастапқыда ол тек назар аударатын контент ретінде түсірілгенімен, көп ұзамай желіде вирус секілді тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Кейін компания өкілдері бұл ойын-сауық емес, ауыр жүк көтеретін дрондардың мүмкіндіктерін сынауға арналған пилоттық жоба аясындағы тәжірибе екенін түсіндірді.

PT Bina Tani Makmur Jombang компаниясының директорының айтуынша, сынақ жаңа технологияның әлеуетін бағалау мақсатында өткізілген. Экспериментке тек өз еркімен қатысуға келіскен компания қызметкерлері ғана тартылған.

Бұл ерекше тәжірибеге Индонезияның ауыл шаруашылығы министрі Амран Сүлейман да пікір білдірді. Ол бастаманы "өте креативті" деп бағалағанымен, адамдарды дронмен тасымалдау қауіпсіздік талаптары толық сақталған жағдайда ғана мүмкін екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта жоба сынақ кезеңінде тұр. Соған қарамастан, көпшілік бұл бейнероликтен кейін болашақта жұмысқа автокөлікпен немесе велосипедпен емес, дрон арқылы қатынау мүмкіндігі туралы ойлана бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары