ТМД-да теңдесі жоқ өнім

ТМД-да теңдесі жоқ өнім

ТМД-да теңдесі жоқ өнім
ашық дереккөзі
Елімізде ТМД-да теңдесі жоқ қалдықтардан энергия үнемдейтін өнім пайда болды. Save Energy отандық компаниясы энергияны үнемдеу және ғимараттарды жылыту үшін қазақстандық шикізат пен қалдықтардан жасалған әмбебап өнімді ұсынды. Аталған жоғары технологиялық жо­ба «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Үкіметі желісі бойынша грантты жеңіп алды, бұл компанияға тұрақты өндіріске шығуға мүмкіндік берді. Save Energy вакуумдық оқшаулау па­нелінің жобасы бойынша ғылыми кеңесші Елжан Орынбеков аталған өнім­нің бірегейлігі туралы айтып берді. – Панель тек Қазақстанда ғана емес, бү­кіл әлемде қажет сипаттамаларға ие. Бір материалда бірнеше қасиет бар: гидроизоляция, шудан оқшаулау, отқа төзімділік, жылыту, энергия үнемдеу. Яғни, біреуінде бесеу. Инновациялық өнім жылу оқшаулауы бойынша басқа құрылыс материалдарымен салыстыр­ған­да 6 есе жоғары, орнатуы оңай, бірақ ең бастысы, бұл экологиялық таза, өйткені біз жылу оқшаулау панелінің құрамын мұқият таңдадық, – дейді Елжан Орынбеков. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар барлық ТМД елдерінде теңдесі жоқ материал. Сондай-ақ отандық әзір­леушілер ұсынатын өнім 100 пайыз қа­зақстандық. Оны өндіру үшін жергілікті шикізат қана емес, қалдықтар да пайдаланылады. – Біздің жоба Алматыда өткен бай­қау­да «жылдың үздік өнімі» аталымында жеңіске жетті. Өнім құны бойынша стан­дартты жылу оқшаулағыш материалдардан 30 пайызға қымбат, бірақ бар­лық бес сипаттаманы ескере отырып, оның өзіндік құны стандартты мате­риал­дарға қарағанда 45 пайызға төмен. Өнімнің от­қа төзімділігі де маңызды, өйт­кені қазір бұл – құрылыс материалда­рына қойы­ла­тын негізгі талап, – деп атап өтті кеңесші.