«Алматы су» басшысы жұмыстан кетсін!

«Алматы су» басшысы жұмыстан кетсін!

«Алматы су» басшысы жұмыстан кетсін!
ашық дереккөзі
КТК арнасының хабарлауынша, «Алматы су» коммуналдық компаниясының Медеу учаскелік қызметкерлері дүйсенбіде жұмысқа шығудан бас тартқан. Олар жаңа басшының қызметінен кетіруді талап етіп отыр. Жұмысшылардың айтуынша, аудан учаскесінің жаңа басшысы қол астындағыларды қорлап, қорқытатын көрінеді. Оның үстіне қызметкерлер басшыны біліксіз дейді. «Адамға сөйлегендей болмайды. Шақырғысы келсе «Ей, бері кел» дейді. Адамгершілік пе? Біз не, қоймыз ба? Балқытып біріктірушіге былай деген: «Я тебя по-черному и по-красному сломаю». «По-черному, по-красному» деген не сөз? Ол не, бандит пе еді? Біз мұнда жүрген кімбіз? Қызметкерлермен бұлай жұмыс істеуге болмайды», – деді «Алматы су» МКК жұмысшысы Айдос Құралбеков. Телеарнаның хабарлауынша, олар басшы бекіткен жаңа ережеге де шағымданған. Енді әрбір қызметкер жұмыс процесін ұялы телефонына тіркеп отыруы тиіс. «Мен бригадирмін, бригадаға жауап беремін. Таңертең өткізу жасағында қол қоямын. Қайда және қандай жұмысқа шыққанымыз содан-ақ белгілі. Мен суретке түсіріп жүре алмаймын. Бұған уақыт кетеді. Бірдеңе болып қалса, жауапты бригадир ретінде мен жауап беремін. Содан кейін ғана басшы мен инженер жауапты», – дейді кәсіпорын қызметкері Юрий Шестаков. Телеарнаға пікір білдірген басшы қызметкерлерімен ешқайсымен жанжалдаспағанын айтады. «Жала мен жалған. Жасым 51-де. Жұмысшыларыма қалай жаман сөз айтамын? Абсурд қой! Өткен аптада чат ашқанбыз. Видео емес, фото. Олар қайда екенін суретке түсіріп, жіберуі керек деп. Бұл заңның талабы. Бізде мысалы әкімдіктегілер люк ашық жатыр деп айтады. Барып, тексереміз», – деп мәлімдеді Ысқақ Бурхан. Су желілері департаментінің басшылығы ұжымдағы бұл жайдан мүлдем хабарсыз болып шыққан. Компаниядағылар дереу қызметтік тексеріс бастады.  «Әзірше ішкі тексеріс жүргіземіз. Бұл адамды бүгіннен бастап жұмысынан шеттетеміз, тексеріс біткенше», – деді «Алматы су» су желілері департаменті директоры Мұратхан Нұркен. Ал мекеме қызметкерлері басшыны орнынан алып тастамаса, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Фотолар дереккөзден алынды