8 Желтоқсан, 19:13 358 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстандық биатлоншы Австрияда топ жарды

Австрияда биатлоннан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасында 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыста қазақстандық Никита Акимов бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Никита ату кезінде мүлт кетпей, аталған қашықтықты 20 минут, 56,2 секундта жүріп өтті. Ал Қазақстан сапынан сынға түскен Семен Вдовин 20, Вадим Куралес 23, Данил Червенко 28-нәтиже көрсетті.  10 шақырымға созылған жасөспірімдер додасында Владислав Киреев оныншы орынға табан тіреді.

Қыздар арасында Ксения Долголапова 11, Арина Крюкова 14, Полина Егорова 25, Кристина Титиевская 45-орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар