Павлодарда балықшы төрт мың жылдық тарихы бар олжа тауып алды

/
Павлодарда балықшы төрт мың жылдық тарихы бар олжа тауып алды
Видеодан скриншот

Павлодар маңындағы құм карьерінен адам сүйектері табылды. Бұл туралы  сол маңда балық аулап жүрген ер адам  хабарлаған. Онда қола дәуіріне жататын адам сүйектері мен түрлі құрал шыққан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл төрт мың жыл бұрынғы ерте қола дәуіріне жататын көне жерлеу орны болып шықты. Адам сүйектерімен қоса, ежелгі керамика сынықтары, кетпен, тас балта, ұсату құралдары табылған.

Оқиға орнына Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Археологиялық зерттеулер институты мамандары шұғыл жетіп, қазба жұмысын жүргізді.

Айтуларынша, бұл жәдігерлер металлургиялық өндірістің енді басталған шағымен байланысты.  Сол жерден тағы бірнеше жерлеу орнын анықтаған археологтар қазір сараптамалық зерттеу жүргізіп жатыр.

"Ең алдымен, табылған жәдігерлерді Археология институтының зертханасында жан-жақты талдамалық зерттеуден өткіземіз. Одан кейін оларды ғылыми тұрғыда сипаттап, кейін археологиялық қорларға тапсырамыз. Топырақ үлгісін де іріктеп алдық. Олар өңірдің ежелгі табиғи-климаттық жағдайын қайта қалпына келтіруге бағытталған зерттеуге пайдаланылады. Бұл жұмыс аймақтың көне тарихын тереңірек танып-білуге және жаңа ғылыми дерекпен толықтыруға мүмкіндік береді", - дейді Ә.Марғұлан атындағы Павлодар ПУ археологиялық зерттеулер институтының бас қор сақтаушысы Елена Тушева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары