Алакөлде қайғылы жағдай болды

/
Алакөлде қайғылы жағдай болды
Baq.kz

Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 шілде күні Алакөл көлінің акваториясында тіркелген. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сүйенсек, гидроциклдердің соқтығысуы кешкі сағат 21:00 шамасында, көріну мүмкіндігі төмендеген уақытта болған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Алакөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты ТЖД шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын тағы бір мәрте еске салды. Ведомствоның мәліметінше, навигациялық шамдары жоқ жүзу құралдарымен қараңғы уақытта су айдынына шығуға қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ департамент өңірде мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары