Еліміздің банк секторы дағдарысқа ұшырауы мүмкін

Еліміздің банк секторы дағдарысқа ұшырауы мүмкін

Еліміздің банк секторы дағдарысқа ұшырауы мүмкін
ашық дереккөзі
 width= Жақында Moody's халықаралық агенттігі Қазақстандағы банк жүйесіне қатысты есебін жариялаған болатын. Онда жекелеген несиелеу көлемінің күн санап қарқынды артуы салдарынан еліміздегі банк секторы 2014-2015 жылдардағы дағдарыс жағдайын қайта бастан кешуі мүмкін екені айтылды. Moody's мәліметінше, 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша жеке тұлғаға берілетін несие көлемі (ипотекалық несиені есепке алмағанда) атаулы табыс жиынтығынан 2,2 есе асады.
Бұл орайда SciencesPo университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сергей Гуриев: "Moody's халықаралық деңгейде беделі жоғары ұйым, әрі әрбір жариялаған есебі үшін үлкен жауапкершілік сезінеді. Сондықтан, бұл агенттіктің болжамымен келісемін. Әрі аталмыш есептің жан-жақты және толыққанды зерттеліп барып, жарияланғанына сенімім мол. Қазақстандағы банк секторының бүгінгі жұмыс істеу тәсілі мен нарық жағдайына төтеп беру тетіктерін зерделейтін болсақ, бұл саланың өткен дағдарыс жағдайынан ешқандай сабақ алмағанын байқайтындаймыз", – деген пікірін білдірді.