Патриоттар Форумы өтеді  

Патриоттар Форумы өтеді  

Патриоттар Форумы өтеді   
ашық дереккөзі
28 қараша күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде жыл сайынғы республикалық Патриоттар Форумы өтеді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отыр. Форумның мақсаты – халықтың патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Ұлттық біртектілікті нығайтудың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік рәміздерді танымалдандыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оларды азаматтарды тәрбиелеу процесінде пайдалану. Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысады. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген азаматтар «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталады.   Басталуы: 28 қараша, уақыты 11:00 Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Байланыс: Динара Дуйсебаева – 8701 101 81 84, dinkinjan@mail.ru Думан Жорахан – 8707 909 07 67