Нұр-Сұлтан қаласының 0-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды

Нұр-Сұлтан қаласының 0-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды

Нұр-Сұлтан қаласының 0-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды
ашық дереккөзі
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімі бойынша 2019 жылғы 20 қарашада  Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайтынын хабарлады. Ауа температурасы минус 25-29 градус және одан төмен болса, дайындық тобынан бастап 4-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ болмайды. Ал 30-34 градус аяз болып, желдің жылдамдығы секундына 2-4 метрден асқан жағдайда 5-9 сыныптардың оқуы кейінге қалдырылады. Ал, жоғары сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері аяз 35 градусқа дейін күшейген жағдайда сабаққа бармайды. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының мамандары сабақтың тоқтатылуына қатысты ақпаратты нақты дерек көздерінен алуға шақырады, Ақпарат бірінші ауысымға таңғы сағат 6:30-да, екінші ауысым үшін 12:00 кезінде жіберіледі. - Жаңалықтардың таратылатыны бар. Ата-аналар соған сенбеу керек. Фейк ақпараттарға сенбей, ресми дерек көздерінен алу керек екендігін ескертеміз. Бірінші кезекте ол 109 нөмері арқылы IKomek орталығы, екінші кезекте төтенше жағдай қызметінің SMS хабарламасы, оған қоса қалалық әкімдіктің, қалалық білім басқармасының ресми сайттары бар. Одан кейін сынып жетекшісінен білуге болады. Осында ресми дерек көздерден ақпаратты алуға болады, - дейді қалалық білім басқармасы стратегия, талдау және цифрлық технология бөлімінің басшысы Жазира Асанова.