18 Қазан, 15:47 372 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Елбасы төрағалығымен өткен жиынның толық нұсқасын "Астана" телеарнасы көрсетеді

Бүгін, 18 қазан сағат 21:00-де «ASTANA» телеарнасында партия Төрағасы, Тұңғыш Президент-Елбасының және Үкіметтің қатысуымен өткен ҚР Парламентіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясы отырысының қорытындысы бойынша дайындалған арнайы репортаж көрсетілімі болады.
Іс-шара барысында Үкімет «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы бойынша есеп берді. Елбасы Парламенттегі партия фракциясына «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жариялаған жүйелі жаңғыру шеңберінде бірқатар міндеттер қойды.
Жүйелі жаңғырудың басты мақсаты: «Nur Otan» партиясы – билік пен халық арасындағы тиімді көпір, сондай-ақ әр қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту жөніндегі мемлекеттік институттарға қоғамдық ықпал етудің басты құралы.

Соңғы жаңалықтар