17 Қазан, 15:40 372 0 Руханият Túrkistan Gazeti

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді

Алғаш рет ЗАҢ, БИЗНЕС, БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, БАҚ, т.б. саланың және «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен латынгра­фи­калы жаңа әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртудың өзекті мәселелері тал­қы­ла­нады. Форум 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өтеді.

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лы­ми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты форум өтеді.

Шараның мақсаты жаңа әліпби не­гі­зінде жаңғырған қазақ тілінің қазіргі заман сұранысына сай өміршеңдігін арттыру жолдарын анықтау, Қазақстан Республикасындағы кез келген ЗАҢ мәтінін алдымен мемлекеттік тілде әзірлеуді ұйымдастыру, отандық бизнесті қазақшаландыру, білім беру жүйесін латын әліпбиіне көшіру, ғылымдағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту, сапасын арттыру, БАҚ-тағы қазақтілді контент сапасын арттыру, жастар арасында қазақ тілін брендке айналдыру болып отыр.

Форум кезінде жаңа әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін заманауи интерактивті құралдардың көрмесі өтеді. Мұнда «Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген жаңа ІТ-жобалар таныстырылып, көпшіліктің қолданылуына ұсынылады.

Сонымен қатар 6 секция бойынша жұ­мыс жасайтын ғылыми конференция өткізіледі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірдегі тілдік ахуалды жақсарту бойынша үйлесімді жұмысты жоспарлауға арналған өңірлік Тіл басқармаларының басқосуы ұйымдастырылады.

Форум аясында жаңа әліпби емлесіне қатысты жұрт көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап беріледі деп күтілуде. Сол сияқты мемлекеттік тілдің заңнамасын жетілдіру, бизнес, ғылым, білім, БАҚ-тағы қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге, мәдениетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар көрсетілген қарар қабылданып, жауапты құзырлы органдарға жіберіледі. Қарар «Тіл-Қазына» орталығының ресми сайтында, БАҚ-та жарияланады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар