9 Қыркүйек, 12:44 181 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Халықаралық киберспорт жарысында қазақстандық топ екінші орын алды

Қазақстандық Avangar тобы киберспорттан Германия астанасында өткен «StarLadder Berlin Major 2019» жарысының гранд-финалында екінші орынға ие болды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Біз турнирді кубокқа бір қадам жетпей, екінші орында аяқтадық. Berlin Major жарысында көрсеткен ойынымызбен мақтанамыз. Қолдауларыңызға рахмет, біз міндетті түрде жаңа күшпен қайта ораламыз. Алға Avangar!», деп жазды Instagram-дағы ресми парақшасында.

Counter Strike: Global Offensive ойыны бойынша ірі чемпионатта қазақстандық құрам екінші орынға тұрақтап, 150 мың доллар көлемінде жүлде алды. Ал турнирдің абсолютті жеңімпазы атанған дат ойыншылары 500 мың доллар ұтып алды.

Жарыс 23 тамыз - 8 қыркүйек аралығында Берлиннің «Мерседес-Бенц Арена» стадионында өтті. Турнирде 24 команда 1 млн доллар көлемінде жүлде қорын сарапқа салды.

Тэгтер киберспорт

Соңғы жаңалықтар