«Сүйеу де, тіреу де болдың»: Нұрғали Нүсіпжанов 45 жас кіші әйеліне арнап жүрекжарды жазба жариялады

/
«Сүйеу де, тіреу де болдың»: Нұрғали Нүсіпжанов 45 жас кіші әйеліне арнап жүрекжарды жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

 Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов жас жары Жадыраға арнап жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайына ризашылығын білдіріп, қиын сәтте жанынан табылғаны үшін алғысын жеткізді.

«Бақилық болған ата-анадан жайлы естелік жазбаны тоқтатып, амандығымның жолында жүрген жарым-ау! Қаршадай басыңмен апталады маған сүйеу болғаныңа, тіреу болғаныңа тәнтімін. Жүрегінде Құдайы бар адамның ғана қолынан келер қамқорлық дегенді ұғындырған Жаратқанға бас идім», – деп жазды әнші.

Нұрғали Нүсіпжанов жазбасында Жадыраның ата-анасын да еске алып, марқұмға қатысты көңілдегі сөзін жеткізді.

«Жадырамның мәңгілік сағынышы, жатқан жеріңіз жарық болғай, жақсы адам», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар