20 Тамыз 2019, 11:05 445 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

Испанияның Гран-Канария аралында орман өртеніп жатыр

Гран-Канария аралындағы орман өрті бақылаудан шығып, 9 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

Үш күн ішінде 6 мың гектар орман жанып кетті. Өртті сөндіруге 700-ге жуық өрт сөндіруші, 16 тікұшақ пен ондаған арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылардың айтуынша, қатты жел өртті өшіруге кедергісін келтірген. Қазір 3,5 мың гектар орман жанып кетті, енді от Тамадаба табиғи паркі орналасқан солтүстік-батысқа қарай жылжып барады. Ал онда қарағайлы тоғай бар.

Соңғы жаңалықтар