Былтыр қазақстандықтар сұлулық салондарына 127,3 млрд теңге жұмсаған – статистика

/
Былтыр қазақстандықтар сұлулық салондарына 127,3 млрд теңге жұмсаған – статистика
Ұлттық статистика бюросы

Былтыр Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңге болды. Оның ең үлкен үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі - 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.

Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар