Кореяда 10 мыңнан астам қазақстандық заңсыз жұмыс істеуде

Кореяда 10 мыңнан астам қазақстандық заңсыз жұмыс істеуде

Кореяда 10 мыңнан астам қазақстандық заңсыз жұмыс істеуде
ашық дереккөзі
Кореяда 10 мыңнан астам қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жатыр. Кореяда қазақстандық заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт көбейді. Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик, БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті. Корея елшісінің айтуынша, Қазақстан азаматтарының Кореяға жұмысқа баруы жиілеп кетті. Ол жақта заңсыз жұрген қазақстандықтар саны артып келеді. Адамдар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты визасыз режімді өз пайдасына асыруда. «Олар қандай жағдайда барады дейтін болсақ, әрине көбі бұрыннан барып жұмысқа орнығып алғандар. Қазіргі уақытта Кореяда заңсыз жұмыс жасайтын Қазақстан азаматтары өз туыстарын шақыру арқылы жұмысқа алып қалып жатады. Көптеген себептермен аумаққа еніп алған. Ол адамдар қара жұмыс істейді. Кореяға визасыз режім арқылы жетіп алады. Яғни, турист ретінде барып кейін нәпақа табудың қамына кіріседі. Мұндай жайттар екі елдің қарым-қатынасына, достығына әсер етпейді, десе де екі елдің мәдениетіне кері әсерін тигізбесе екен дейміз»,- дейді Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик. Ресми деректерге сай бүгінде Оңтүстік Кореяда 10 мыңнан астам қазақстандық заңсыз жүр. Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея өз аумағында заңсыз жүрген шет ел азаматтарын қолайлы жағдайда елден шығара алуы үшін «жасыл дәліз» режімін енгізген болатын. «Жасыл дәліз» режімінің шартына сай, Кореядағы шет ел азаматтары, соның ішінде қазақстандықтар Корея аумағынан өз еріктерімен шығуға тиіс. Егер,олар өз еріктерімен туған жерлеріне қайтуға ниет білдірсе, онда олар ешқандай әкімшілік жауапқа тартылмайды»,- дейді Ким Дэ-Сик.