27 Маусым 2019, 14:44 803 0 Жаңалықтар Turkystan Support

БАҚ өкілдері марапатталды

28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлері мерекесі қарсаңында бір топ БАҚ қызметкері марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәсім кезінде сыйлық лауреаттары мен грант иелерін, алғыс жарияланған шығармашылық ұжымдарды және барлық журналистер қауымын келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сонымен, «Жас Өркен» ЖШС бас дирек­торы Жүсіпбек Қорғасбекке, «Комсомольская Правда – Қазақстан» газетінің бас редакторы – Виктор Кияницаға, «Ана тілі» газетінің бас редакторы – Жанарбек Әшімжанға, «Астана» телеарнасының редакторы – Жайна Жақсылықоваға Мемлекет басшысының Өкімімен сыйлық тағайындалды.

Гранттар «Хабар 24» телеарнасының тіл­шісі – Рауан Мыңбаевқа, «Qazaqstan» телеарнасындағы «Мәселе» талдамалық бағдарламасының жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиевке, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторы Әсем Сартбаеваға тапсырылды. «Егемен Қазақстан», «Экс­пресс К», «Знамя труда» және «Шалқар» радиосы шығармашылық ұжымдарына Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Александр Трухачев, «Qazaq­stan» телеарнасының жүргізушілері Қымбат Досжан және Дана Нұржігіт, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, «Qazaqstan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Ерлан Атамбай, «Литер» газеті бас редакторының орынбасары Жанна Ойшыбаева, «КТК» телеарнасының бас директоры Эльмира Джамилова, сондай-ақ,  «Қазақпарат» ХАА және «Жетісу» телеарнасы алды.

«Түркістан-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар