25 Маусым 2019, 16:26 1066 0 Әдебиет "Түркістан" газетінің авторлары

Көкбөрі жебеген Жәнібек

Халық аңызында Жәнібекке Түркінің көкбөрісі дарыған деген оқиға бар.

Бала кезінде нағашысының үйінде жүрген Жәнібек бірде далада ұйықтап қалады. Уақытында келмеген соң артынан іздеп барған балалар Жәнібекті екі қасқыр жеп жатыр екен деп шулап келеді. Оны естіген үлкендер атқа қонып, балалардың бастауымен Жәнібек жатқан жеріне келсе, ұйықтап жатқан Жәнібектің басында бір қасқыр, аяқ жағында бір қасқыр отыр екен. Мұны көрген үлкендер « Бұл асқан батыр болады » –екен деп қуанып қайтады.

Жәнібек шынында да асқан батыр болып ержетеді. Ол туралы айтылатын аңыздың бірінде Қазақ–Қалмақтың бір жолғы соғысында Қалмақ нояны «жепе-жек, жекпе-жек» –деп айқай салып майданға шығады. Қазақ жағынан жас батыр Жәнібек шығады. Сонда әлгі кісі жейтіндей болып тұрған Қалмақ нояны сасқалақтап артыңдағы қалың қолына шауып барады да: «Мына батыр тегін емес, соғыспай келісімге келелік»- дейді. Ноянның айтқаны болады.

Соғыс болмай келісім болады. Сонда тарту таралғысын алуға қазақ қолына келген әлгі нояннан Қабанбай: «Батыр, бағана майданға жараған бурадай болып шабынып, екпінмен шығып едің. Біздің батырымызды көрген соң жының неге ұшты ? Соғысқалы шығып, сауға берген қалмақ ноянын бірінші рет көруім. Бұл қалай ?»-дейді. Сонда әлгі қалмақтың нояны: «Сіздің батырдың екі иығында екі қасқыр отыр екен. Ала алмайтынымды және жолым болмайтынын содан білдім, сіздерді емес, артымнан ерген елімді, өзімді аядым. Көкбөрісі мойнына мінген батырға қарсы ажалға айдап салғым келмейді, өзіме де өмір керек »-деген екен.

 

                                                                                           Жарас Нұрболұлы

Соңғы жаңалықтар