АҚШ-та ұшақ құлап, 4 адам көз жұмды

АҚШ-та ұшақ құлап, 4 адам көз жұмды

АҚШ-та ұшақ құлап, 4 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Техас штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде төрт адам мерт болды. CNN-нің хабарлауынша, ұшақ қонар сәтте мотордағы ақау салдарынан құлаған. Апаттан екі ер адам және екі әйел қаза тапты. Остин қаласынан шыққан ұшақ Луизианаға бара жатқан. Көліктегі қауіпсіздік бойынша Ұлттық кеңес өзінің Twitter-дегі парақшасында апатқа ұшыраған Piper PA-46 ұшағы екенін жазды. Оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.