Ақтөбеде іздеуде жүрген 18 күдікті ұсталды

Ақтөбеде іздеуде жүрген 18 күдікті ұсталды

Ақтөбеде іздеуде жүрген 18 күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде «Іздестіру» республикалық алдын алу шарасы өткізілді. Екі күн ішінде қылмыстық істерге қатысы бар, іздеуде жүрген 18 күдікті ұсталды. Табылған 18 күдіктінің 8-ін Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Оның ішінде Орынбор облысының – 5, Башқұртстан республикасының – 1, Дағыстан республикасының – 1 және Ставрополь өлкесінің – 1 азаматы бар. Сонымен бірге облыс аумағында хабар-ошарсыз кеткен 7 адам табылды, олардың екеуі кәмелетке толмаған бала. «Өтпелі шақта жасөспірімдер мен ата-ана арасында ұрыс-керіс болады. Көбіне 14-17 жас аралығындағы балалар сезімге беріліп, есікті тарс жауып, кетіп қалады. Сонымен бірге, ата-ана кішкентайларын бақылаусыз қалдырады. Мысалы, ата-аналар баланы көшеге ойнауға жіберіп, өздері үй шаруасымен айналысады, ал баланы қараусыз қалдырып, кейде кешке дейін қайда жүргенін қадағаламайды. Жоғалу фактісі анықталған кезде бірден полицияға жүгінбей, өздері іздеумен айналысады. Мұндайда адамдарды іздеуге үлес қосқан еріктілер ұйымына жеке алғысымды білдіргім келеді. Әлеуметтік желінің де көмегі зор», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.