Израильде әл-Фарабидің ескерткіш тақтасы ашылды

Израильде әл-Фарабидің ескерткіш тақтасы ашылды

Израильде әл-Фарабидің ескерткіш тақтасы ашылды
ашық дереккөзі
Хайфа қаласында Ұлы дала философы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1 150 жыл толуына орай оның есімімен аталатын көшеде ескерткіш тақтайшаcы ашылды. Салтанатты шарада Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов әл-Фарабидің ұлы мұрасы, оның философия, медицина, құқықтану, психология, космология және басқа да салалардың дамуына қосқан үлесі туралы айта келіп,  ескерткіш тақтаның ашылуы екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Хайфа қаласы мэрінің орынбасары Лазарь Каплун өз сөзінде әл-Фараби көшесіне орнатылған ескерткіш тақта қаладағы араб және еврей кварталдары түйіскен жерде орналасуының өзі мәдениеттер бірлігін білдіретінін жеткізді. Әл-Фараби көшесі 1960 жылы Хайфаның араб кварталында ашылған. Ол әйгілі Бахай бақтары мен Хайфа өнер мұражайына жақын маңындағы тарихи ауданда орналасқан. Оның ұзындығы 1,5 км құрайды.