COVID-19: Әлемде бір тәулікте 206 мыңнан аса адам індет жұқтырды

COVID-19: Әлемде бір тәулікте 206 мыңнан аса адам індет жұқтырды

COVID-19: Әлемде бір тәулікте 206 мыңнан аса адам індет жұқтырды
ашық дереккөзі
Соңғы тәулікте әлем бойынша 206 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен бір күнде 5 116 аса адам қайтыс болды.  Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.  Ұйым дерегінше, пандемия басталғалы әлемде қатерлі вирусты жұқтырғандар саны 18 810 392-ге жетті. Індеттен 11 356 275 адам емделіп шықты.  Дерті асқынған 707 666 науқас көз жұмды. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1060 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 95 942-ге жетті. Бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 50 адам қайтыс болды.