Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстан консулы жарақат алды

Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстан консулы жарақат алды

Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстан консулы жарақат алды
ашық дереккөзі
Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді. Бұл туралы СІМ хабарлады. «Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды», – делінген хабарламада. Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде. Айта кетейік, бұған дейін Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болып, жарақат алғандар саны 2500-ден асқанын жазған болатынбыз.