4 Тамыз, 16:26 453 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Nur Otan» партиясы футбол стадионы құрылысының барысына мониторинг жүргізді

Павлодар облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында футбол стадионы құрылысының барысына мониторинг жүргізді.

Мониторинг тобының құрамына облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Нұрханова, қалалық филиалдың ПБК төрағасының орынбасары Виктор Пряхин және ПБК мүшелері Ходжа Құсайынов және Бауыржан Бекмурзаев кірді.

Бүгінгі таңда көлемі 90х60 метр жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату, стадионды қоршау және жарықтандыруды монтаждау жұмыстары аяқталды. Жұмысты «Дуэт СТ» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Бірінші кезектегі стадионның құрылысына 85,168 млн теңге бөлінді.

Бұл нысанда екінші кезек бойынша хоккей кортын, трибуна, жүгіру жолын, киім ауыстыратын орын, волейбол және балалар алаңдарын салу жоспарлануда. Екінші кезектегі құрылыстың сметалық құны 102,900 млн.теңге, мерзімі 3 ай.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мердігерлік ұйымның жұмысымен танысып, қамту және жарықтандыру сапасын тексерді.

– Спорттық стадиондар, әсіресе аудан орталығы үшін өте қажет. Балалар сапалы алаңда ойнауы керек. Бірақ сапа бойынша бізде сұрақтар бар. Мысалы, біздің ойымызша, тартан жабыны тым жоғары фракция. Үгінділердің арасында үлкен бөліктер бар. Сондай - ақ, ауытқулар, ойықтар бар, – деді Виктор Пряхин.

«Дуэт СТ» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің барлық ескертулерін назарға алды. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің барлық ұсыныстары мен ескертулері құзыретті органдарға берілетін болады.

– Шарбақты ауылында стадион жоқ. Халық үшін аудандық жарыстар ауыл мектептерінің спорт алаңдарында өткізіледі. Біз қаладан жақсы жаттықтырушыны шақырдық. Ол бес футбол тобын жинады. Біздің балалар футбол стадионының құрылысын аяқтауды қуана күтуде, – деді аудан әкімінің орынбасары Ризагүл Неғманова.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шарбақты ауданының провизорлық госпиталіне 5 оттегі концентратын табыс етті.

Медициналық жабдықты «Жаңа Павлодар» қоғамдық қоры сатып алды, оның мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау болып табылады.

– Бұл аппараттар өте сұранысқа ие, әсіресе қазір. Қор 16 медициналық мекеме үшін барлығы 300 оттегі концентраторын сатып алды. Біздің міндетіміз – көмектің аудандар мен қалалар бойынша тепе-тең бөлінгеніне көз жеткізу, – деді облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко.

26 маусымнан бастап аудандық аурухана базасында провизорлық стационардың 150 төсегі орналастырылды. Барлығы 321 науқас ауруханаға жатқызылды, оның 285-і сауығып шықты.

– Шілде айының ортасында ауруханада бір уақытта 138 науқас ем алған болса, бүгінгі таңда провизорлық стационарда 36 адам емделуде. Қазіргі уақытта пневмониямен сырқаттанушылықтың төмендеп, жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Бұл карантин бойынша қабылданған барлық шаралардың нәтижесі, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыт Қасымова.

Медициналық мекеменің жоспарында аурухана ғимаратын қайта жандандыру, заманауи ИВЛ аппараты мен реанимациялық автокөлік сатып алу бар.

– Облыс кәсіпкерлері мен «Nur Otan» партиясына үлкен рахмет айтқым келеді. Пандемия әлемнің жақсы адамдарға толы екенін көрсетті. Бұл құрылғылар пациенттердің өмірін құтқаруға қызмет ететініне сенімді болыңыздар, – деді анестезиолог-реаниматолог Петр Лямкин.

Соңғы жаңалықтар