Өткен тәулікте коронавирустан 988 адам емделіп шықты

Өткен тәулікте коронавирустан 988 адам емделіп шықты

Өткен тәулікте коронавирустан 988 адам емделіп шықты
ашық дереккөзі
Әлем елдері коронавируспен күресуді қарқынды түрде жалғастырып келеді. Әртүрлі елдердегі коронавирус індетінің шарықтау шегі жайында салыстырмалы кестеге назар аударсақ, вирусты ең көп жұқтырғандар саны АҚШ-та тіркелген. Онда 100 мың адамға шаққанда 935,8 адамнан коронавирус анықталған. Ал қайтыс болғандар саны – 133 911. Кестеде Қазақстандағы індеттің шарықтау шегі маусым айының екінші он күндігі деп көрсетілген. Елімізде вирус жұқтырғандар саны 100 мың адамға шаққанда 273, ал қайтыс болғандар саны 100 мың адамға шаққанда 1,4 адамды құрайды. Вирустың шарықтау шегі әлі жалғасып келе жатқан елдер арасында Бразилия, Ресей, Қазақстан, Мексика мен үндістан бар. Елімізде соңғы бір тәулікте 2 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Ал өткен тәулікте коронавирус індетінен емделіп шыққандар саны – 988 адам. «Қазақстанда өткен тәулікте 1 962 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1 209 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді» деп хабарланды ресми ақпаратта. Жалпы, ел бойынша індетті жұқтырғандар саны – 53 021. Оның ішінде 34 149 адам жазылып шықты,  қайтыс болғандары саны – 264 адам.