8 Шілде, 11:29 462 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

АҚШ ДДСҰ құрамынан шығатынын мәлімдеді

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамынан шығады.

БҰҰ Жаңалықтар орталығының хабарлауынша, АҚШ бұл туралы ДДСҰ жарғысының депозитарийі саналатын - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті хабардар еткен. Шешім 2021 жылы 6 шілдеде күшіне енуі тиіс.

АҚШ 1948 жылдың 21 маусымынан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамында. Әлем елдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір шартпен қабылданады. ДДСҰ жарғысы бойынша ұйым құрамынан шығуға ниетті мемлекет бұл шешімі туралы бір жыл бұрын хабардар етуге тиіс. Сондай-ақ ДДСҰ алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін толық өтеуге міндеттеледі.

 

Соңғы жаңалықтар